БАҚ: Данияға дрондар шабуылдаған кезде жақын маңда Ресейдің теңіз күштерінің кемесі болған

1 ай бұрын · 30 көрілді · 0 пікір

Данияның Ekstra Bladet басылымының жазуынша, осы аптада елдің бірнеше қаласында белгісіз дрондар пайда болып, әуежайлардың жұмысына кедергі келтірген кезде елдің территориялық акваториясына жақын жерде Ресейдің Балтық флотына тиесілі "Александр Шабалин" кемесі жүрген.

БАҚ: Данияға дрондар шабуылдаған кезде жақын маңда Ресейдің теңіз күштерінің кемесі болған
Оның транспондері өшіріліп тұрған.

Басылым тілшілері арнайы тікұшақ жалдап, кемені суретке түсірген. Ekstra Bladet-тің жазуынша, "Александр Шабалин" Калининград облысындағы базада шоғырланған, бірақ бірнеше күннен бері Данияға жақын жүрген. AIS жүйесі қосылмағандықтан ол кемелерді бақылайтын жүйеде көрінбеген.

26 қыркүйекке қараған түні де белгісіз дрондардың салдарынан Дания билігі Ольборг әуежайы маңында әуе кеңістігін жапқан. Соның салдарынан әуежай бірқатар рейстерді қабылдамаған, кейбірі ұша алмаған. Мысалы, KL1289 рейсі Амстердамға қайтуға мәжбүр болған. Ал SK1225 рейсі Копенгагеннен ұша алмаған.

Бұған дейін елдің оңтүстігіндегі Эсбьерг, Сеннерборг және Войенс қалаларында да дрондар пайда болған, бірақ әуежайлар жұмысын жалғастыра берген.

Ресей Даниядағы әуежайлардың жұмысына кедергі келтірген дрондарға қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Ресейдің Копенгагендегі елшілігі оқиғаны Ресеймен байланыстырған кез келген ақпаратты "сандырақ" деп атады. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Бұған дейін Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен дрондарға қатысты оқиғаларды елдің маңызды инфрақұрылымдарына жасалған "ірі шабуыл" деп атап, оны ресейлік дрондардың "Еуропадағы күмәнді белсенділігімен" байланыстырған.

  • Бөлісу:

Anonymous

Anonymous киберқауіпсіздікті қадағалаудағы ұжымдық тәсілді білдіреді. Олардың тәжірибесі үйлестірілген қорғаныс пен ақпараттық қауіпсіздік туралы хабардарлықта жатыр. Әртүрлі салалардағы білімді біріктіре отырып, олар бейімделгіш қорғаныс стратегияларын ұсынады. Anonymous цифрлық еркіндік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге адал....

Алдыңғы жаңалық
Айнара Айдархан. Айгерім ақталғанша күреседі. Енді БҰҰ-на арызданамыз
Келесі жаңалық
RT басшысы Маргарита Симоньянның күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: