Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipisicing elit. Sequi, cum esse possimus officiis amet ea voluptatibus libero! Dolorum assumensm.
Тоқаев: Қазақстан Ресей-Украина соғысында ара ағайын емес
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Ресей мен Украина арасындағы соғыста ара ағайын емес деп мәлімдеді.
"Қазақстан әскери қақтығыста ара ағайын емес әрі өзін мұндай позицияда көрсетпейді. Меніңше, екі тарап барлық даулы мәселелер бойынша диалог жүргізуге қабілетті. Бұған дейін айтқанымдай, Украина дағдарысы аса күрделі, оны жеңіл-желпі қарастыруға болмайды" деген Тоқаев Нью-Йоркте.
Тоқаев Украина мен Ресей арасында "аумақтық мәселемен қатар тарихи, тілдік, ұлттық, саяси мәселелер, яғни, Киев Русі, украин мемлекеттілігі мәселесі қатар жүріп жатыр" деп санайды. Ол "мәселелерге қарамастан келіссөздер жалғасуы керек" деп есептейді.
Тоқаев бұл соғыста "Қазақстан араағайын болмаса да, қажет болған жағдайда, келіссөздер мен кездесулерге алаң ұсынуға дайын" деп мәлімдеген.
"Жоғары деңгейдегі кездесулер әрқашан дипломаттар мен өзге де қызметтердің ауқымды дайындық жұмысынан кейін өтеді. Бұл – аксиома. Қақтығыс жүріп жатқанда, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қайшылықтар бар кезде нақты нәтиже күту – мүмкін емес жайт" деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Қазақстанда да кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді.
CyberGhost
CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....
