RT басшысы Маргарита Симоньянның күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды

1 ай бұрын · 19 көрілді · 0 пікір

RT телеарнасы және "Россия сегодня" агенттігінің жетекшісі Маргарита Симоньянның күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды.

RT басшысы Маргарита Симоньянның күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды
59 жастағы Кеосаянның қазасы туралы Симоньян хабарлады.

Былтыр Кеосаян өте ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, содан бері есін жимаған. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, ол оның алдында екі рет инфаркты бастан кешірген.

Тигран Кеосаян - совет режиссері Эдмонд Кеосаянның ұлы. Герасимов атындағы жалпыресейлік мемлекеттік кинематография университетінде оқыған. Оның соңғы фильмдерінің арасында әйелінің сценарийі бойынша түсірілген пропагандистік "Қырым көпірі" фильмі де бар.

Тигран Кеосаян Украинаға басқыншылықты қолдаған. Еуроодақтың санкция тізіміне енген.

Қазақстан қоғамында ерлі-зайыпты пропагандистердің сөздері жиі сынға ұшыраған. Мысалы, 2022 жылы мамырда Қазақстан Жеңіс күніне парад өткізуден бас тартқанда, Кеосаян Қазақстанға қарата "Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар. Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" деген еді. Кеосаянның сес көрсеткен сөзі Қазақстан қоғамында қарсылыққа ұшыраған.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
БАҚ: Данияға дрондар шабуылдаған кезде жақын маңда Ресейдің теңіз күштерінің кемесі болған
Келесі жаңалық
БАҚ: Астана АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде көрсетілген адам құқығын бұзу жайттарын терістейді
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: