Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipisicing elit. Sequi, cum esse possimus officiis amet ea voluptatibus libero! Dolorum assumensm.
Апелляциялық сот АЭС орнына қатысты үкіметті сотқа берген белсендінің шағымын қанағаттандырмады
25 қыркүйекте Балқаш маңына салынайын деп отырған АЭС Ресей жалға алып отырған әскери полигон Сарышағаннан небәрі 30 шақырым жерде орналасқанын, ал бұл қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігін атап өтіп, үкіметті сотқа берген белсенді Әлнұр Ілияшевтің шағымы бойынша апелляциялық сот өтті.
Астана соты бірінші инстанциядағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Шілде айында сот АЭС-ті Балқаш маңына салу туралы үкімет қаулысын жарамсыз деп тануды талап еткен Ілияшевтің өтінішін қанағаттандырмай тастаған еді.
Бейсенбі күнгі онлайн сот отырысы кезінде Әлнұр Ілияшев 1975 жылы болған қайғылы оқиғаны еске салды. 50 жыл бұрын ақпанда Ресейдің Астрахан облысында орналасқан Капустин Яр полигонынан жіберілген ракета “қателесіп” Қазақстанның Атырау қаласындағы жеке үйлердің біріне түсіп, соның салдарынан 8 адам қаза болған. Полигон мен Атырау арасы шамамен 200 шақырым болса, ал АЭС салынайын деп отырған Үлкен ауылы мен Сарышаған полигоны арасы одан 10 есе кем.
Белсенді сотта қарапайым ракетаның өзі солай жасап отырған кезде Сарышағанда сыналатын құрлықаралық ракетамен не болатынын елестетудің өзі қорқынышты деді.
Сотта жауапкер жақ – “Қазақстандық атом электр станциялары” АҚ өкілі “әзірге атом станциясын салатын аудан ғана бекітілгенін және станция салынбас бұрын тиісті зерттеулер жүргізілетінін” алға тартты. Сондықтан ол белсендінің шағымын қанағаттандырмауды өтінген. Ол белсенді келтірген Капустин Яр кейсінің іске тіке қатысы жоғын жеткізді.
CyberGhost
CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....
