Жапаров БАҚ туралы даулы заңға қол қойды. Қырғызстанда тәуелсіз медианы не күтіп тұр?

1 ай бұрын · 17 көрілді · 0 пікір

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың сынына қалған "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға қол қойды.

Жапаров БАҚ туралы даулы заңға қол қойды. Қырғызстанда тәуелсіз медианы не күтіп тұр?
Жаңа заң барлық цифрлық платформаларды БАҚ ретінде тіркелуге міндеттейді және шетел азаматтары мен шетелдік компаниялардың жергілікті медиакомпаниялардағы үлесін 35 пайыздан асыруға тыйым салады.

Қырғызстанда кейінгі үш жыл бойы қызу талқыланған "БАҚ туралы" даулы заң жобасы қабылданды. 6 тамызда президент Садыр Жапаров жаңа заңға қол қойды.

Шілде айының басында Жапаров мемлекеттік "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында заң мәтінімен танысқаннан кейін ғана оған қол қоятынын немесе вето қоятынын айтқан еді. Алайда бір айдан кейін ол халықаралық құқық қорғау ұйымдарының алаңдаушылығына қарамастан, жаңа заңды бекітті.

Жаңа заңдағы міндетті тіркеу және шетелдік үлесті шектеу

"БАҚ туралы" жаңа заң жобасын президент әкімшілігі 2022 жылы ұсынған. Журналистер қауымдастығы оны Қырғызстанның сөз еркіндігі саласындағы жетістіктерін жоятын әрі репрессивті құжат деп бағалады. Мемлекеттік орган жобаға болмашы өзгерістер енгізді, бірақ олар да сынға ұшырады. Жоба парламентке түскен, алайда 2024 жылдың наурызында Жапаровтың бастамасымен президент әкімшілігі оны қайтарып алды. Бұл шешім президент медиа саласы өкілдерімен кездескеннен кейін қабылданған. Сол жолы Жапаров тараптардың мүддесін ескеретін, сапалы әрі дәлелді құжат әзірлеуді ұсынды деп айтылған еді.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Қытай, Ресей және ислам. Орталық Азия зерттеушісі Адиб Халидпен сұхбат
Келесі жаңалық
Қонақ келсе – кептеліс. Орталық Азия елдері қауіпсіздік үшін көшені жабуға неге құмар?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: