Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipisicing elit. Sequi, cum esse possimus officiis amet ea voluptatibus libero! Dolorum assumensm.
Қытай саяси моделін бүкіл әлемге таратуды көздей ме?
Қытай үкіметінің бұрын жарияланбаған мыңдаған құжатына сүйенген жаңа есеп Пекиннің Ғаламдық Оңтүстік, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арнайы оқыту және тәжірибе алмасу бағдарламалары арқылы авторитарлық саяси моделін таратып отырғанын көрсетті.
Пекин авторитар жүйесін шетелге экспорттап жатыр ма деген пікірталас жалғасып келе жатқанына ондаған жылдың жүзі болды. Бұрын зерттелмеген үкімет құжаттарына сүйеніп жасалған жаңа есеп Қытайдың басқа елдерге саяси моделін тарату үшін қандай қарекет жасап отырғанын көрсетті.
Вашингтонда орналасқан Atlantic Council талдау орталығы 13 маусымда жариялаған жаңа есеп Қытай сауда министрлігінің 2021-2022 жылдары желіге жүктелген 1691 құжатына негізделген. Деректер арасында шетелдік өкілетті тұлғаларға арналған тренингтер мен тәжірибе алмасудан тұратын 795 үкімет бағдарламасы бар. Бұл бағдарламалар Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Африка мен Азия (Ғаламдық Оңтүстік) елдері арасында Қытайдың экономикалық және саяси моделі идеяларын таратуды көздейді.
"Бұл сарапшылр арасында айтылып жүрген пікірлерге дәлел бола алады. Енді Қытайдың ішкі жоспарлы құжаттарына сүйеніп, оның мақсатын көрсете аламыз", – дейді есеп авторы, Global China Hub Atlantic Council ғылыми қызметкері Нива Яу.
Қытайдың өкілетті тұлғалары "Пекин авторитар жүйесін басқа елдерге таратып отырған жоқ" деп бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ жақында жарияланған үкімет құжаттары Қытайдың Ғаламдық Оңтүстік елдеріне өз моделінің артықшылықтарын түсіндіріп, оларды жедел енгізу үшін жаңа бастамаларды қолға алып жатқанын дәлелдейді.
CyberGhost
CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....
