Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipisicing elit. Sequi, cum esse possimus officiis amet ea voluptatibus libero! Dolorum assumensm.
«Учаскеден әруаққа көк хат»: Алматыда марқұмға келген шақырту
Алматыда №652 учаскесі 1999 жылы қайтыс болған Абдурахман Алмасовтың атына АЭС референдумына қатысуға шақырту жіберген.
№652 учаске Алматы қаласы Наурызбай ауданында Сейділдә Көпбаев атындағы №186 орта мектепте орналасқан. – Маған ғана емес, 25 жыл бұрын әкеме шақырту қағаз келді. Мен пост жариялағаннан кейін белгілі болғаны әкемі әлі тірілер қатарында жүр екен. Әкемнің 99-шы жылы өлімі туралы акті құжаты қолымызда, сол арқылы мирасқорлықпен үйді өз атыма өткізгенмін. Демек 25 жылдан бері дауысын да беріп жүр, Қазақстан халқының санына кіріп тұрған азамат болып есептеледі.
Желідегі жария шағымымнан кейін маған «техникалық қателік түзетіліп, тірілер тізімінен алынып, өлгендер қатарына енгізілді» деген қағаз берді. ...Сонда әкем осыншама уақыт тірілер қатарында жеңілдік болды ма, қаншама сайлау, санақта есепке алынды ма? Талабым – ресми базада күні кеше қайтыс болған деп енгенін түсіндіріп берсін, – дейді Арзу Алмасова. | Материалды көшіріп бассаңыз https://qazaqtimes.com/article/94542 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Anonymous
Anonymous киберқауіпсіздікті қадағалаудағы ұжымдық тәсілді білдіреді. Олардың тәжірибесі үйлестірілген қорғаныс пен ақпараттық қауіпсіздік туралы хабардарлықта жатыр. Әртүрлі салалардағы білімді біріктіре отырып, олар бейімделгіш қорғаныс стратегияларын ұсынады. Anonymous цифрлық еркіндік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге адал....
