Нұрбол Назарбаевқа қарсы Астанадағы соттың мән-жайы неге құпия?

1 ай бұрын · 13 көрілді · 0 пікір

Астананың азаматтық істер жөніндегі соты марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қарсы істі қарап жатқанын "За нами уже выехали" telegram-арнасы хабарлады.

Нұрбол Назарбаевқа қарсы Астанадағы соттың мән-жайы неге құпия?
Оның жазуынша, шағымды Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті түсірген, жауапкер – Нұрбол Назарбаев. Бірақ іс не жайлы, нақты қандай мәселе жөнінде екенін сот та, прокуратура да құпия жасап отыр.

Егжей-тегжейі құпия іс

Азаматтық істі қарап жатқан сот Азаттыққа оны көпшіліктен құпия қарауының себебін: "Мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы" заңдағы алынған деректердің құпиялығын сақтау талаптарын қамтамасыз етуге байланысты, бұл мәселенің егжей-тегжейі жайлы ақпаратты жариялай алмайтынымызды хабарлаймыз"деп түсіндірді.

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет сотқа шағымды қашан бергені де белгісіз. Өйткені, 8 қыркүйек күні парламент мінберінен халыққа жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл комитеттің атауын Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынған. Ал екі күн бұрын Бас прокурор Берік Асылов президент тапсырмасы орындалғанын, яғни комитеттің атауы өзгергенін мәлімдеген.


  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
"Өз елінің қарапайым азаматы". Орталық Азия елдері президенттері БҰҰ-да не айтты?
Келесі жаңалық
Путин Пекинге бара жатыр. Көздегені – Қытайдан жаңа газ құбырына келісім алу. Жобаның маңызы неде?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: