"Бір белдеу, бір жол" жобасының 10 жылы. Қытай оған жан бітіре ала ма?

1 ай бұрын · 11 көрілді · 0 пікір

Қытай басшысы Си Цзиньпин "Бір белдеу, бір жол" жобасын Қытайдың сыртқы саясаттағы жетістігі деп атап, Батыс елдеріне балама даму моделі ретінде көрсетіп отыр.

10 жыл бұрын басталған "Бір белдеу, бір жол" жобасы көп мемлекетті Қытайдың қарыз тұзағына түсірді деп сынға қалса да, Қытай басшысы Си Цзиньпин бұл бастаманы сыртқы саясаттағы жетістігі санайды.

Пекинде үшінші рет өтетін "Бір белдеу, бір жол" саммиті 17 қазанда басталмақ. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар қатысады. Қытай бұл бағдарламаны сыртқы саясатындағы ең маңызды жобасы көреді.

– Биыл – Си Цзиньпин ұсынған бастаманың он жылдық мерейтойы. Олар әдетте жекелеген жобаларға мән береді. Бірақ "Бір белдеу, бір жол" Қытайдың сыртқы әлеммен байланысын көрсетеді. Сондықтан Пекин бұл идеяны әлемге танытқысы келеді, – дейді Сингапурдағы С.Раджаратнама атындағы халықаралық зерттеулер мектебінің аға ғылыми қызметкері Рафаэлло Пантуччи.

"Бір белдеу, бір жол" 2013 жылы Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Индонезиядағы мәлімдемесінен кейін іске қосылды. Бұл жоба аясында ондаған елде теңіз порты, электр станциясы, теміржол, автомагистраль мен басқа да инфрақұрылымдық жобалар салынды. Қытай құрылысқа жүздеген миллиард доллар жұмсады. Жобаның мақсаты – Қытайдың әлем елдерімен көлік байланысын күшейтіп, сауда мен инвестицияға серпін беру еді.

Форум алдында Қытай билігі бағдарламаның 10 жылдық жетістігі туралы баяндама жариялады. 10 қазанда қытайлық шенеуніктер "Бір белдеу, бір жол" жобасы ескі геосаяси ойындарға көзқарасты өзгертіп, халықаралық әріптестіктің жаңа парадигмасын қалыптастырады" деді.

  • Бөлісу:

DarkRoot

DarkRoot киберқауіпсіздік қорғанысының өзегінде жұмыс істейді. Олар жүйе архитектурасына, root-қол жеткізуді қорғауға және қауіптерді азайтуға назар аударады. Олардың күші – аудиттер кезіндегі табандылық пен ұқыптылықта. DarkRoot ешбір осалдықтың анықталмай қалмауын қамтамасыз етеді....

Алдыңғы жаңалық
Қытай "Бір белдеу – бір жол" арқылы Қазақстандағы белсенділігін қалай арттырды?
Келесі жаңалық
Президентті "жасарту". Орталық Азияда басшылар бейнесін өңдеуге неге әуес?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: