"Айдағы серіктестік". Қазақстан мен Қытайдың ғарыш саласындағы достығы қайда апарады?

1 ай бұрын · 16 көрілді · 0 пікір

Астана мен Пекин арасында шілдеде жасалған келісім бойынша жаңа деректер белгілі болды.

Қазақстан мен Қытай айға зерттеу орталығын салуда әріптес болмақ. Бұл АҚШ-пен жарысқан Қытайдың ғарышты игеру талпынысына Қазақстанның да атсалысып жатқанын көрсетеді.

Қытайдың айға зерттеу орталығын салу жоспарына Қазақстанның қосылуы жайлы жаңа келісім қос мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге негіз болады. Кейінгі жылдары Пекин ғарыш державасына айналуға күш салып жатыр.

Келісімге 3 шілдеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес, Қазақстан Халықаралық айды зерттеу станциясының (ILRS) 12-мүшесі атанды. ILRS – Қытай үкіметі мен ресейлік "Роскосмос" компаниясының бірлескен жобасы. Жоба 2021 жылы жарияланды. Оған Әзербайжан, Беларусь, Египет, Никарагуа, Сербия, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Таиланд және Венесуэла мүше.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі бірлескен мәлімдемесінде "Пекин мен Астана аэроғарыш агенттіктерінің ғарышты бейбіт игеру жолындағы әріптестігін қолдап, айдағы және ғарыштағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға жұмыс істейді" деді.

5 тамызда Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Пекин мен Астана бір-бірінің ғарыш айлақтарын коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндігін зерттейді, Қазақстан айдағы телескоп жобасын дайындауға қатысады" деп мәлімдеді.

Қазақстанның бұл жобаға қосылуы Қытайдың Айды зерттеу жоспарын күшейтеді. Астана да Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан ғарыш өнеркәсібіне қосылады. Сарапшылар сөзінше, Пекин ғарышты игеру саласында АҚШ-пен бәсекеге түскісі келеді.


  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады". Зумретай Аркинмен сұхбат
Келесі жаңалық
Қытай саяси моделін бүкіл әлемге таратуды көздей ме?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: