Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipisicing elit. Sequi, cum esse possimus officiis amet ea voluptatibus libero! Dolorum assumensm.
Қытайдағы ШЫҰ саммиті: назар аударарлық 5 мәселе
Қытай басшысы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинді және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) өзге лидерлерін қонақ етпек.
Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және ШЫҰ-ға мүше өзге де мемлекет басшылары Қытайда өтіп жатқан екі күндік саммитке жиналды. Си Цзиньпин бұл кездесуде Батысқа балама әлемдік тәртіп туралы өз көзқарасын нақтылауға тырысады.
Жиырмадан астам елдің басшылары 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Тяньцзинь портты қаласында бас қосып, аймақтық қауіпсіздік пен сауда мәселелерін талқыламақ. Бұл саммит Батыспен шиеленіс артқан тұста өтіп жатыр.
Бұл жиын сондай-ақ Қытайға өзін Жаһандық Оңтүстіктің көшбасшысы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. ШЫҰ – әлемдегі ең ірі аймақтық ұйымдардың бірі, ол әлемдік ЖІӨ-нің төрттен бірін және жер халқының жартысына жуығын қамтиды.
ШЫҰ саммиті кезінде мынадай 5 жайтқа назар аударуға болады.
1. "Путин мен Си шоуының" тағы бір эпизоды
Украинадағы соғысқа қатысты дипломатиялық қадамдардан кейін, Путиннің Симен кездесуін бақылайтындар көп болмақ.
– ШЫҰ Путин мен Сидің шоуына айналды, – дейді Берлиндегі Ресей мен Еуразияны зерттеуге арналған Карнеги орталығының ғылыми қызметкері Темур Умаров. – Саммиттің өзінен гөрі соның аясындағы жеке кездесулерге көбірек мән беріледі.
ШЫҰ-ға Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан, Иран және Беларусь кіреді. Пекин де, Мәскеу де бұл ұйымды Батыс институттарына қарсы тұратын құрал ретінде көріп, оны әлемдік тәртіпті өзгерту сияқты ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін "сынақ алаңы" ретінде пайдаланып отыр.
Путин бұл саммитті Қытайға мемлекеттік сапарымен ұштастырады. 3 қыркүйекте ол Пекинде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған әскери шеруге қатысады.
2. Үндістан премьер-министрі Модидің мүддесі
Бұл – Үндістан премьер-министрінің Қытайға жеті жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы сапары. Бұл сапар 2020 жылғы қанды шекара қақтығыстарынан кейінгі екі ел арасындағы қарым-қатынастың реттеле бастағанын көрсетеді.
Қытай сыртқы істер министрі Ван И тамыз айында Нью-Делиге барып, АҚШ-пен қарым-қатынасы шиеленіскен Үндістанға жақындасуға тырысты. Трамп Үндістан тауарларына баж салығын арттырып, ел басшылығынан Ресей мұнайын сатып алмауды талап етіп отыр. Үндістан Ресей мұнайының ең ірі сатып алушыларының қатарында.
Моди мен Сидің кездесуі осы жылымықты одан әрі күшейтуі мүмкін. Мәселен қос тарап шекарадан әскерін алып кету арқылы текетірес қарқынын бәсеңдетіп, сауда және виза шектеулерін жоя алады.
Өткен аптада Ресейдің Нью-Делидегі елшілігі Моди, Путин және Си арасында үшжақты келіссөз өткізуге мүмкіндік болады деп үміттенетінін мәлімдеді.
3. Қытай-Ресей тандеміндегі Орталық Азияның рөлі
ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Бұл Қытай бастамасы болатын. Пекин осылайша Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеген. Бірақ сөйте тұра аймаққа ықпалы зор деген Ресейдің мүддесіне құрметпен қарайтынын көрсетуге тырысып бақты.
CyberGhost
CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....
