Путин ақталуға, Си ықпалын арттыруға тырысқан ШЫҰ саммиті

1 ай бұрын · 14 көрілді · 0 пікір

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруін ақтап алуға, Қытай төрағасы Си Цзиньпин дипломатияда өз ықпалының арта түскенін байқатуға тырысып, ШЫҰ даму банкін құруға шақырды.

Путин ақталуға, Си ықпалын арттыруға тырысқан ШЫҰ саммиті
Саммитте Пекин мен Мәскеу өзара жақындаса түскенін көрсетті және Си мен Путин Батыстың жаһандық институттарына бірігіп қарсы тұруға үндеді.

Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитінде Мәскеу мен Пекиннің өзара тығыз қарым-қатынаста екенін аңғартып, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен иық теңестіре тұрып сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кірген соғысын ақтауға тырысып, Батысты айыптады.

1 қыркүйекте Тяньцзинде басталған екі күндік саммитте сөйлеген сөзінде Путин соғыстың "Ресей шабуылынан емес", Батыс қолдаған Киевтегі төңкеріс салдарынан басталғанын айтты. 2014 жылғы жаппай наразылық кезінде "Мәскеудің досы" саналатын президент Виктор Янукович биліктен тайдырылған.

Сондай-ақ Путин Батыстың Украинаны НАТО-ға тарту әрекеті "Ресейдің қауіпсіздігіне тікелей қатер" төндіргенін қайталады. Бірақ әскери альянс мұндай мәлімдемелерді бұған дейін бірнеше рет жоққа шығарған.

Путин құрамына Ресей, Беларусь, Қытай, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан мен Тәжікстан кіретін ШЫҰ-ны "шын мәніндегі көпжақты ынтымақтастықтың үлгісі" деп мақтап, ұйымды "Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс қолдаған әрі қазір әбден тозығы жеткен еуропацентристік және еуроатлантикалық үлгілердің орнын басатын жүйе" деп атады.

Бұл пікірлер саммиттің Қытайдың артып келе жатқан дипломатиялық ықпалын көрсетуге бағытталғанын айқындай түсті. Саммит барысында Пекин мен Мәскеудің жақындаса түскен қарым-қатынасын көрсету үшін арнайы ұйымдастырылған сәттер көп болды.


  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Қытайдағы әскери парад: Сидің месседжі, Путиннің есебі және Трамптың әжуасы
Келесі жаңалық
Қытай АҚШ-тың сауда соғысын өз мақсатына пайдаланып жатыр ма?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: