"Тәуелсіз сайттарды оқуды сатқындық жасауға балады". Түркіменстанда VPN-мен күрес күшейді

1 ай бұрын · 15 көрілді · 0 пікір

Түркіменстанда ұялы телефондарды сату және жөндеумен айналысатын кәсіпкерлер мен шеберлерді ұлттық қауіпсіздік министрлігінің киберқауіпсіздік департаменті жасаған VPN жүйелері мен серверлерін сатуға мәжбүрлеп жатыр.

Ол жақта сонымен бірге осы технологияны қолданатындарды, әсіресе әйелдерді қудалау күшейген. Оларды жаппай тергеп жатыр. Кемінде бір әйел қамауға алынған.

Түркіменстанның Лебап уәлаятында ұлттық қауіпсіздік министрлігіне қарасты (ҰҚМ) киберқауіпсіздік департаментінің қызметкерлері смартфон сататындар мен жөндеушілерді осы департамент жасаған VPN жүйелері мен серверлерін сатуға мәжбүрлеп жатыр.

"Жергілікті қауіпсіздік қызметінің, комитеттің қызметкерлері келіп, киберқауіпсіздік департаментінің серверлерінде жасалған VPN-ді сатуды талап етті. Яғни, бізден өздері жасаған VPN-ді азаматтардың телефондарына орнатуды тапсырды", - деді аты-жөнін атамаған Лебапта смартфон сатумен айналысатын кәсіпкерлердің бірі.

Оның айтуынша, мұндай талап тамыз айының басында айтыла бастаған. Оны орындаудан бас тартқандарға ірі көлемде айыппұл саламыз деп қорқытады.

«Осы ескертулердің кесірінен Түркменабат пен Фарабта VPN-ді сату бойынша мәжбүрлеу науқаны басталды», - деді Лебаптағы IT маманы Азаттықтың Түркімен қызметіне.

Лебаптағы IT маманының айтуынша, ҰҚМ нарыққа өзінің VPN-ін шығару арқылы "бір оқпен екі қоянды атқысы келеді": қосымша ақша тауып және интернетке де бақылауды күшейткісі келеді.

"Мәселен, бізді әртүрлі VPN және қосымшаларға арналған серверлерді 800-1000 манатқа сатуға мәжбүрлеп жатыр. Бұл серверлер ешқашан өшпейді, тұрақты істейді. Сонымен қатар, олар арқылы үшінші тараптың арзан VPN желілері тез анықталып, бұғатталып жатыр", - деді аты-жөнін атамаған маман.

Оның ойынша, ҰҚМ осылайша VPN нарығындағы бәсекелестерін де шетке ысырмақшы.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
"Қауіпсіздігін қамтамасыз ету". Орталық Азияның президенттері жақындарын қалай марапаттайды?
Келесі жаңалық
"Қош бол, Ленин көшесі!" Совет мұраларынан Қырғызстан қалай арылып жатыр?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: