Армениялықтар паспорт мөрінен Арарат тауының өшірілуіне наразы

1 ай бұрын · 28 көрілді · 0 пікір

Арарат тауы ғасырлар бойы армяндар үшін қастерлі символ болды.

Армениялықтар паспорт мөрінен Арарат тауының өшірілуіне наразы
Армения елтаңбасында осы таудың шыңы бейнеленген. Биіктігі 5100 метр болатын бұл тау паспорт мөрінен де орын тапқан.

"Арарат" деп аталатын армениялық алкоголь ішімдігі, темекі бренді және футбол клубы бар. Оңтүстік Кавказдағы бұл елде "Арарат" – ер азаматтар арасындағы танымал есімдердің бірі.

Бір ғана жайт: Арарат Армения аумағында емес. Ол көрші Түркия жерінде орналасқан.

Соған қарамастан, Армения үкіметінің Арарат бейнесін паспорт мөрінен алып тастау туралы 11 қыркүйек күнгі шешімі үлкен наразылық тудырды.

Бұл қадам Армения мен Әзербайжан екі толыққанды соғысты қоса алғанда, ондаған жылдарға созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойғаннан кейін бір ай өткен соң жасалды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл қадамға елдің "тарихи жауларымен" қарым-қатынасын жақсарту үшін барып отыр. Бірақ сыншылар армян үкіметі Түркия мен Әзербайжанға тағы бір мәрте жол беріп отыр дейді.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Шындық пен мадақ. Қаңтардан кейінгі тарих оқулығында Назарбаев бейнесі қалай өзгерді?
Келесі жаңалық
"Өз елінің қарапайым азаматы". Орталық Азия елдері президенттері БҰҰ-да не айтты?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: