Өзбек имамдарының әйелдерін хиджаб орнына жергілікті дәстүрге сай орамал тағуға міндеттеді

1 ай бұрын · 19 көрілді · 0 пікір

Өзбекстанның Ферғана облысындағы Наманған қаласында имамдар мен олардың орынбасарларының әйелдерін жиналысқа шақыртып, хиджабтың орнына жергілікті салт-дәстүрге сай орамал тағу керек деген талап айтылды.

Өзбек имамдарының әйелдерін хиджаб орнына жергілікті дәстүрге сай орамал тағуға міндеттеді
Бұйрыққа бағынбаған әйелдердің күйеуі мешіттен қуылатыны ескертілді.

Жергілікті имамдардың, имам-хатибтердің және мүтәуәлилердің (діни қайырымдылық мүліктері мен қорларын басқаруға тағайындалған адам. – ред.) әйелдерін жинау міндеті Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Наманған облыстық бөлімшесінің басшысы Мусахон Аббосидиновқа жүктелген. Мұны "Озодлик" радиосына (Азаттықтың Өзбек қызметі) сол кездесуге қатысқан, аты-жөнін атамауды өтінген әйелдердің бірі айтып берді.

"Озодликке" әлгі жиналыстың аудиожазбасы да түсті. Тамыз айының басында өткен жиналыс екі сағаттан аса уақытқа созылған. Аудиожазбада облыс әкімшілігінің қоғамдық және діни ұйымдармен байланыс бөлімі бастығының көмекшісі Сайёра Исакова елде адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынған деп түсіндіреді. Мұндай талап Өзбекстанда 2023 жылы заңға енгізілген, оны бұзғандарға айыппұл салынады.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Қытайдағы ШЫҰ саммиті: назар аударарлық 5 мәселе
Келесі жаңалық
Түркімен билігі "қарны шыққандарды" қызметтен айырмақ. Аймақтағы өзге елдердің тәжірибесі қандай?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: