"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады". Зумретай Аркинмен сұхбат

1 ай бұрын · 15 көрілді · 0 пікір

Қазан айының 24-27 күндері аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында Әлемдік ұйғыр конгресі бас ассамблеясының жиыны өтті.

Оған дүниенің әр түкпірінен — Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Америкадан — барлығы жиырма бестен астам елден барған ұйғыр диаспорасы өкілдері қатысты.

Осыдан 20 жыл бұрын дүние жүзіндегі ұйғыр диаспорасының құқығын қорғау мақсатымен құрылған ұйымның алқалы шарасы үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Биылғы жиында Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын мұсылман дінін ұстанатын түркітілдес ұлттар арасында саны жағынан ең көп байырғы халық — ұйғырлардың тағдыры негізгі тақырып болды.

Құқық қорғаушылар мен зерттеушілер дерегінше, 14 миллион ұйғыр мен басқа да мұсылман халықтар тұратын Қытайдың Шыңжаң өлкесінде миллиондаған адам "қайта тәрбиелеу" лагерінен өткен.

Азаттық Сараеводағы жиын қарсаңында Әлемдік ұйғыр конгресі директоры Зумретай Аркиннен сұхбат алған еді.

– Бас Ассамблея жиынын өткізуге неліктен Боснияны таңдадыңыз?

– Боснияда да геноцид болған. Тарихымыз әртүрлі болса да, ұлтымызға қарсы жасалған жауыздық, қылмыс, дерек жинау, өтпелі және халықаралық әділдік, жауапқа тартуға талпыныс жолымыз ұқсас. Осы модельді пайдаланып, ұйғырларға геноцид қалай жасалғанын түсінуге болады.

Боснияда азаматтық қоғам ұйымдарымен әріптестік орнатып, геноцидтен аман қалған кісілермен және ғалымдармен сөйлесіп, 

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
"Көзім тіріде бір көріп қалсам деймін". Қытай түрмесіндегі ұлын сағынған ананың арманы
Келесі жаңалық
"Айдағы серіктестік". Қазақстан мен Қытайдың ғарыш саласындағы достығы қайда апарады?
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: