Қазақстан Қытайдың цензура құралын қолдана ма?

1 ай бұрын · 19 көрілді · 0 пікір

Қытайлық Geedge Networks жекеменшік компаниясының қолға түскен 100 мың құжатымен танысқан зерттеушілер Қазақстан Қытайдың атышулы цензура құралын сатып алған елдердің бірі деп мәлімдеді.

Қазақстан Қытайдың цензура құралын қолдана ма?
InterSec Lab зерттеушілерінің айтуынша, Қазақстан үкіметі азаматтардың интернеттегі әрекетін бақылайтын, ұнамсыз нәрсені бұғаттайтын және интернетті толық өшіріп тастауға мүмкіндік беретін цензура технологиясын сатып алған. Астана мұны жоққа шығарды.

Қытай – интернеттегі цензурасы ең қатаң елдің бірі. Елдің материктегі бөлігіне барсаңыз, билікке жақпайтын түрлі ақпарат жарияланатын және бақылау қиын не үкіметпен келісімге келмеген Google, YouTube, Facebook, Instagram, Telegram мен Signal сияқты танымал сайттар мен мессенджерлерге кіре алмайсыз.

Қытай оларды бұғаттау үшін Great firewall, яғни "Ұлы файервол" деп аталатын технология қолданады. Бұл құрал билікке елде интернет қолданатын әр адам не іздегенін бақылауға мүмкіндік береді, онысы цензурадан өтпесе, құзырлы орган бұғаттап тастайды. Кімнің не іздегенін билік осы құрал арқылы біліп отырады. Жиналған деректер билікке жақпайтын адамға қарсы қолданылуы да мүмкін. "Ұлы файервол" нақты бір сөзі бар ақпаратты бұғаттап тастай алады. Бөгетті айналып өтетін VPN құралдарын танып қояды да, жолын кеседі. Билік жақтырмайтын сайттардың жұмысын әдейі баяулата алады.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Тоқаев: Қазақстан Ресей-Украина соғысында ара ағайын емес
Келесі жаңалық
Қазақстан қарақалпақ белсендісіне босқын мәртебесін беруден түбегейлі түрде бас тартты
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: