БАҚ: Астана АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде көрсетілген адам құқығын бұзу жайттарын терістейді

1 ай бұрын · 52 көрілді · 0 пікір

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы адам құқығы туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің есебі елде жүріп жатқан реформаларды "толық көрсетпейді" деп мәлімдеді.

БАҚ: Астана АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде көрсетілген адам құқығын бұзу жайттарын терістейді
Бұл жөнінде BES.media жазды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығы саласындағы басты конвенцияларын ратификациялаған және Астана "ұлттық заңнаманы жетілдіру және адам құқығын қорғау тәжірибесі (азаптау, әйелдерге күш қолдану және тағы басқа жайттармен күрес) бойынша бірізді жұмыс жүргізіп жатыр".

"Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі есебін ең алдымен сараптамалық құжат ретінде қарастырады және оны екіжақты диалогтың элементі деп санайды. Жалпы алғанда есеп жүргізіліп жатқан реформаларды нақтылау және тереңірек түсінуге ықпал ету мақсатында Қазақстан мен АҚШ арасындағы конструктивті диалогтың маңыздылығын кезекті рет дәлелдей түседі" деп жазылған СІМ-нің басылымға берген жауабында.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің есебі және халықаралық әріптестерден түскен өзге де құдаттар ұлттық саясатты қалыптастырған кезде ескеріледі.

АҚШ мемлекеттік департаменті 2024 жылғы Қазақстандағы адам құқығы ахуалына арналған есебін тамызда жариялаған. Онда сөз еркіндігі мен баспасөз бостандығы Конституцияда бар болса да, үкімет "сөз еркіндігін тұншықтырып, ұстау, түрмеге қамау қылмыстық және әкімшілік жауапқа тарту, шектейтін заң қабылдау, бопсалау, аккредитация ережелерін өзгерту, троттлинг жасау, интернетті шектеу арқылы баспасөзге ықпал етуге тырысып жатқаны" жазылған.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
RT басшысы Маргарита Симоньянның күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды
Келесі жаңалық
Апелляциялық сот АЭС орнына қатысты үкіметті сотқа берген белсендінің шағымын қанағаттандырмады
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: