"Қыздар дипломатиясы". Бердімұхамедов шетелге шықса қызы Огулжаханды неге ертіп жүреді?

1 ай бұрын · 12 көрілді · 0 пікір

Түркіменстанның бұрынғы президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедовтың қызы Огулжахан Атабаева жуырда әкесімен бірге Әзербайжанға барды.

Оларды Бакуде осы елдің президенті Илхам Әлиев пен оның қызы Лейла қарсы алды. Қазіргі президенттің әпкесі Атабаева елдің саяси өмірінде жақында ғана көріне бастады, бірақ кейінгі айларда оған назар айтарлықтай ауып отыр.

Түркіменстан Халық кеңесінің төрағасы, "Аркадағ" ("қамқоршы") атағын иеленген Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов 16 шілде күні Бакуде Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен кездесті.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары бұл сапарды "екі ел арасындағы қатынастардың жаңа деңгейге шығуының үлгісі" деп сипаттап, тараптардың саяси, сауда-экономикалық, мәдени және парламенттік байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Бұл сапардың ерекшелігі – Бердімұхамедов қызы Огулжаханды алып барды. Әкесіне еріп жүрген Огулжахан өзі де кездесулер өткізді. Мәселен, ол Әзербайжан президентінің қызы Лейла Әлиевамен жеке жүздесті.

Екі әйелді қайырымдылық қорларындағы қызметі де байланыстырады: Лейла – атасының құрметіне аталған Гейдар Әлиев қорының вице-президенті, ал Огулжахан – әкесінің атымен құрылған қорда дәл сондай қызмет атқарады.

  • Бөлісу:

CyberGhost

CyberGhost ену тестілеуінде және желілік қорғаныс стратегияларында тәжірибелі. Олар айналып өту әдістерін талдауға және қауіпсіздік қабаттарындағы олқылықтарды анықтауға маманданған. Жүйелерді дәлдікпен бағалап, болашақ шабуылдардың алдын алады. CyberGhost көзге көрінбейтін қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырады....

Алдыңғы жаңалық
Орталық Азия оңтүстікке шығар жол іздеп, "Талибанмен" жақындасып жатыр. Бұдан Қытай ұта ма?
Келесі жаңалық
Орталық Азияның спорт қаһармандары: шекарасыз ерік-жігер
Комментарии (0)
Пікір қалдыру

Тақырыпқа қатысты: